"Бұрынғы күйеуім": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ел естімеген әңгімені айтты (ФОТО)

"Бұрынғы күйеуім": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ел естімеген әңгімені айтты (ФОТО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Екатерина Жолбарыс пен Сейфуллин Жолбарыс

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың әйелі желіде ерекше жазба жариялады.

Әншінің жұбайы Екатерина Жолбарыс Instagram желісіндегі ресми парақшасында әзіл аралас жазба жариялап, күйеуі екеуінің суретін көрсетті.

"Күйеу – ұзақ емес. Бұрынғы күйеу – мәңгілік", – деп жазды суреттің сипаттамасында Екатерина Жолбарыс.

Жазба көпшіліктің қызығушылығын тудырып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Бірі отбасына бақыт тілесе, енді бірі Екатеринаның сұлулығына таңданысын білдірген. Кейбіреулер әзілге әзілмен жауап беріп: "Құлақ етін жеу дегенді тура түсініп қалғансыз ау", "Зайыбымай, зайыбымай! – деп ойлап тұр Жолбарыс" деп қалжыңдаған.