"Шымкентке келін болу оңайырақ": Сәкен Майғазиевтің келіні жан сырын ақтарды (ФОТО)

"Шымкентке келін болу оңайырақ": Сәкен Майғазиевтің келіні жан сырын ақтарды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

Әдия Instagram желісіндегі ресми парақшасында оқырмандарының көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, өз ойын білдірді.

Оқырмандарының ішінде "Бәрі Шымкентті жамандайды, ол жаққа келін болған қалай екен?" деп сұрақ қойды.

"Меніңше, батыстың қыздарына оңтүстікке (Шымкент – ред.) келін болу оңайырақ. Өйткені таңертең тұрып сәлем салу, басқа да ұстанымдары бір-біріне ұқсайды. Қысқасы, батыста көрген идеологияны мұнда көріп жүрмін", – деп жауап берді Әдия.