фото: pixabay.com
Barnaul 22 Telegram-арнасының хабарлауынша, Алтай Республикасының аралас жекпе-жек (ММА) федерациясының президенті Алексей Каблуков той үстінде қаза тапты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Оқиға 7 тамыз күні кешкі сағат шамамен 21:00-де Тюнгур ауылында болған. Белгілі болғандай, 74 жастағы күдікті белгісіз себеппен дастарқанда отырған ер адамға ашуланып, оның қасына барып, кеудесіне пышақ сұққан.
Арнаның мәліметінше, қаза тапқан адамның Каблуков екені анықталған.
Күдікті ұсталды. Жақын уақытта оған айып тағылып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы сотқа өтінішхат жіберіледі.