фото: sportinside.kz коллажы
32 жастағы Исак Альмейда бардан бірден шығып, тікелей жарысқа қатысып, 8 км қашықтықты жүгіріп өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Масаң күйдегі бразилиялық ер адам тәпішкесін киіп, кәсіби жүгірушілермен бірге марафонға қатысып, жарысқа арнайы дайындалған бірнеше спортшыны басып озды.
Мәреге жеткен соң ұйымдастырушылар оған медаль табыстады. Ал марапаттау сәтінде Альмейда екі ауыз сөзді байланыстыра алмай, өз ойын жеткізе алмады.