Головкинді жеңген Канелоны қазақ батыры жекпе-жекке шақырды

Головкинді жеңген Канелоны қазақ батыры жекпе-жекке шақырды

фото: Offside.kz коллажы. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы мен Сауль "Канело" Альварес

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (63-2-2, 39 КО) күш сынасуды қалайтынын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жәнібек Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) "Келесі жекпе-жекте Жәнібекті кіммен көргіңіз келеді?" деген жазбасына жауап беріп:

"Мен "Канеломен" жұдырықтасқым келеді", – деп жазды.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ал Сауль Альварес – суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы. Қыркүйек айында "Канело" америкалық боксшы Терренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) жекпе-жек өткізеді.