фото: instagram/zhansaya_abdumalik. Суретте: Жансая Әбдімәлік пен жолдасы
Елімізге танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желідегі парақшасында ел естімеген жаңалығын айтып, сүйінші сұрады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жансая Әбдімәлік Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа суреттер жариялады. Бұл суреттерден Жансая Әбдімәліктің аяғы ауыр екенін көруге болады.
"Сен менің жүрегімнің ішінде жатқанда, мен әлі танып-білмейтін бір жанға іштей ғашық болып жүрмін", – деп жазды Жансая Әбдімәлік.