"Асыға күттік": Сәкен Майғазиевтің келіні ел білмейтін қуанышын айтты (ФОТО)

"Асыға күттік": Сәкен Майғазиевтің келіні ел білмейтін қуанышын айтты (ФОТО)

фото: видеодан скриншот. Суретте: Әділет пен Әдия

Танымал әнші, мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында ерекше әрі маңызды жаңалығын бөлісті.

Ол сүйіктісі Әділетпен заңды некеге тұрғанын мәлімдеп, елді қуанышымен құттықтады.

"Қайырлы күн! Бүгінгі маңызды сәтті 08.08 күніне әдейі келістіріп, асыға күттік", – деп жазды Әдия Stories бөлімінде.

Бұл хабарлама әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, түрлі пікірлер мен құттықтауларға толы болды. Желі қолданушылары жас жұбайларға махаббат пен бақыт тілеп, жүрекжарды тілектерін аямай жазды. Көпшілік:

"Құтты болсын! Бақытты болыңдар", "Қандай керемет жаңалық! Алла тіл-көзден сақтасын", "Хайырлы неке болсын! Жарқын болашақ тілеймін", – деген секілді жүздеген жылы лебіздерін білдірді.

Алайда кейбір оқырмандар таңданысын жасырмай:

"Сонда осы уақытқа дейін некеде болмадыңдар ма?", "Екі айдай некесіз бірге тұрғансыздар ма?" – деген сұрақтарын да қойды.