"Сабыр берсін": Сәкен Майғазиевтің әйелі ел естімеген әңгімені паш етті (ФОТО)

"Сабыр берсін": Сәкен Майғазиевтің әйелі ел естімеген әңгімені паш етті (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

Динара Майғазиева Instagram желісіндегі ресми парақшасында ұлы Әділет пен келіні Әдияның тойында түсірілген суреттерін жариялап, ерекше жазба қалдырды.

"Жүрегімізде мәңгілікке сақталатын ең бақытты күндердің бірінен естелік суреттеріміз! Алла шаңырағымызға береке, жүрегімізге мейірім мен сабыр берсін", – деп жазды Динара Майғазиева.

Желі қолданушылары Динара Майғазиеваның парақшасындағы жазбаға жылы лебіздерін білдіріп, отбасының бақытын тілеп жатты. Олар оның сұлулығына, инабаттылығына сүйсініп, жүрекжарды пікірлерін жазды. Көпшілік Динара ханымды "ішкі әлемі де, сырты да сұлу жан" деп сипаттап, тіл-көзден аман болуын тіледі.