Ризабек Айтмұханның болашағына қатысты тосын дерек шықты

Ризабек Айтмұханның болашағына қатысты тосын дерек шықты

фото: uww.org. Суретте: балуан Ризабек Айтмұхан

9 тамызда Ақтөбеде күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир – Wrestling Stars League 4 өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл додада Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы қатысады. 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын Ризабек Айтмұхан қорғайды. Оның қарсыластары – Ресей балуандары Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов болады.

79 келіге дейінгі салмақта Даулет Ергеш ресейлік Магомед Магомаевпен белдеседі.

65 келіде Мейрамбек Картбай Қырғызстан спортшысы Нұрсадық Нұрдиновпен кездеседі.

Турнир бағдарламасында басқа да жекпе-жектер бар.