"Қызым ауыр халде жатыр": Танымал қазақстандық әнші концертін өткізбейтінін айтты

"Қызым ауыр халде жатыр": Танымал қазақстандық әнші концертін өткізбейтінін айтты

фото: ашық дереккөзден

Танымал қазақстандық әнші Бахтияр Мамедов, яғни Jah Khalib, елімізде жоспарланған концерттік турын уақытша кейінге қалдырды немесе мүлде өткізбей қоюы мүмкін екенін хабарлады. Бұл туралы ақпаратты ол өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бөлісті, деп жазады ozgeris.info.

Әншінің айтуынша, ол өте ауыр отбасылық жағдайға тап болған. Белгілі хит "Если чё, я Баха" әнімен танымал орындаушы қазіргі уақытта сахнаға шығуға дайын еместігін ашық айтты.

"Өкінішке қарай, бұл турды кейінге шегеруге немесе мүлде тоқтатуға мәжбүрмін (күте аламын десеңіздер). Себебі, менің жаңа туған қызым отадан кейін ауыр халде жатыр. Бар күшімді жинауға тырысқаныммен, сахнаға шығуға дайын емеспін", – деп жазды әнші.

Сондай-ақ, ол дәл қазіргі сәтте жары мен қызын қолдауы маңызды екенін атап өтті. Музыкант жанкүйерлерінен түсіністік танытуды сұрап, қолдау көрсетуге шақырды.

"Әрине, дәл қазір менің жарымның жанында болуым маңызды. Ол менің қолдауыма зәру. Сіздерден түсіністік күтемін. Кім не істей алса да – дұға етіңіздер. Бастысы – балаларымыз аман болсын", – деп түйіндеді ол.