фото: Видеодан скриншот
Белгілі әнші, өнер иесі Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын тың форматта өткізді. Қалың көпшілік күткен бұл той алғаш рет онлайн режимде тамашалау мүмкіндігімен ерекшеленді. Кез келген жан тойды тікелей эфирде көре алды. Алайда ол үшін арнайы билет сатып алу керек болды – онлайн билет құны 1380 теңге.
Айта кетейік, бұл тойды шамамен 6000 адам онлайн тамашалаған. Енді қарапайым арифметика арқылы тойдан түскен табысты есептеп көрейік:
1380 теңге × 6000 адам = 8 280 000 теңге
Иә, Сәкен Майғазиев ұлының тойынан кем дегенде 8,28 миллион теңге табыс тапты. Бұл сома тек онлайн эфир арқылы келген табыс екенін ескерсек, тойдың өзге де кірістерін қоса есептегенде, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.