"Еркеша босанды": желіде Ерке Есмаханның босанғаны туралы ақпарат тарады (фото)

"Еркеша босанды": желіде Ерке Есмаханның босанғаны туралы ақпарат тарады (фото)

фото: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде танымал әнші Ерке Есмаханның босанғаны туралы ақпарат тарады.

Бұл қуанышты хабарды танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Threads әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады. Ол парақшасында "Еркеша босанды" деп жазды.

Танымал әнші Ерке Есмахан бір күн бұрын Instagram желісіндегі ресми парақшасында жүрек тебірентер пост жазған болатын.

"Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еткен едім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, ЖанҰямыз.

Аллаға сааансыз шүкір айтамын! Жүрек тыныштығымен, жан мен тән үйлесімділігін тапқаны ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін. Менің өмірімдегі барлық ғажайыптар сіздерге де жұғысты болсын. Осындай жүрекжарды пост жазғым келді. Соған қарағанда іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау", – деді Ерке Есмахан.