"Қуанышым мен мұңымды үнсіз ұғады": Сәкен Бибосынов анасын жұрт алдында көрсетті (ФОТО)

"Қуанышым мен мұңымды үнсіз ұғады": Сәкен Бибосынов анасын жұрт алдында көрсетті (ФОТО)

фото: McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Сәкен Бибосынов

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов әлеуметті желідегі парақшасында анасының суретін көрсетіп, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Ана…
Бұл – бір ғана сөз емес, тұтас ғалам!
Бұл – сәби жүректің алғаш соғысы,
Бұл – көзден аққан қуаныш жасы,
Бұл – күллі әлемге шуақ шашқан шапағаттың символы.

Ана – тағдыр тепкісінен қорғайтын қалқан,
Ана – жақсылығымды тілсіз тілейтін тілеуші,
Ана – көзімнен қуанышымды, үнсіз мұңымды ұғатын жүрек.

Бүгін де, әр күн де,
Анаңа жылы сөз айтуды ұмытпа.
Себебі оның мейірімі – шексіз,
Дұғасы – қабыл,
Ал орнын ешкім баса алмайды…

Анасы бар адамдар — ешқашан қартаймайды…
Аллам, аналарымызды аман ете гөр!" – деп жазды Сәкен Бибосынов.