Қазақ баласы Өзбекстанға тарихи жетістікке жетуіне септігін тигізді

Қазақ баласы Өзбекстанға тарихи жетістікке жетуіне септігін тигізді

фото: Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Суретте: Саят Ильясов

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U22) Өзбекстан намысын қорғап жүрген этникалық қазақ Саят Ильясов финалға шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Саят Ильясов жартылай финалда моңғолиялық Дамдиндорж Пуцевдоржды мерзімінен бұрын жеңді. Төреші жекпе-жекті екінші раундта нокдауннан кейін тоқтатқан.

Осылайша, Саят Ильясов 11 тамызда алтын жүлде үшін жұдырықтасады, ал моңғол боксшысы жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Бангкоктегі бұл дода – World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар (U19) және жасөспірімдер (U22) арасындағы алғашқы құрлықтық чемпионат. Бұған дейін мұндай жарысты мамыр айында Шри-Ланкада IBA мен ASBC өткізген болатын.