фото: Alash.kz коллажы
Танымал тележүргізуші Әйкерім Есенәлі үш апталық үзілістен кейін ел алдына шықты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оның айтуынша, ол атқа міну кезінде басымен құлап, миы, бас сүйегі мен көзі зақымданған. Осы уақыт ішінде ол ел көзіне көрінбей, ем қабылдап жатқан.
"Аттан баспен құлап, миым мен бас сүйек, көзім зақым алып қалды. Іздеп, жағдайымды сұрап, дұға етіп, қолдау білдірген барлық достарыма, жақындарыма мың алғыс. Жаратқан разы болсын", – деп жазды Әйкерім әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол жарақат алғаннан кейін атқа мінуге деген қорқыныш пайда болғанын жасырмады. Сонымен қатар, бетінің көгеріп кеткенін көргендер жиі "сізді кім ұрды?" деп сұрайтынын айтып, қоғамда әйелге күш көрсету фактісінің әлі де жиі кездесетінін, мұның қалыпты жағдайға айналып кеткеніне қынжылыс білдірді.