фото: ашық дереккөзден
Спорттық комментатор Александр Гришин 48 жасында теміржолда болған қайғылы оқиғадан қаза тапты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл ақпаратты марқұмның жары Анастасия Гришина растады.
"Ол қатты жаңбыр кезінде теміржол платформасында болған жазатайым оқиғаның салдарынан көз жұмды", – деді Анастасия Гришина.
Александр Гришин комментаторлық мансабын 2002 жылы "7ТВ" телеарнасында бастаған. 2004-2015 жылдары "Спорт" телеарнасында, ал 2015-2018 жылдары "Матч ТВ" арнасында жұмыс істеді.
Ол бес Олимпиада ойындарында, футболдан әлем және Еуропа чемпионаттарында, сондай-ақ мәнерлеп сырғанаудан әлем және Еуропа біріншіліктерінде комментатор болған.
2018 жылдан бастап Александр Гришин "Бірінші арнада" қызмет етті.