"Жазым ғой, қасақана емес": Шавкат Рахмонов әйелінің сотына келді (ВИДЕО)

"Жазым ғой, қасақана емес": Шавкат Рахмонов әйелінің сотына келді (ВИДЕО)

фото: Offside.kz коллажы. Суретте: Шавкат Рахмонов

Танымал қазақ жауынгері Шавкат Рахмоновтың әйелі үшін тергеуге барған видеосы әлеуметті желіде тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

UFC додасында өнер көрсетіп жүрген танымал қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың отбасы ауыр жол-көлік апатына тап болды. Бұл қайғылы жағдай оның жұбайы Гүлайым Рахмонова мен ұлы Алматы – Екатеринбург бағытындағы тас жолда жол жүрген кезде орын алған.

27 шілдеде Жамбыл облысында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл апатқа танымал UFC жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысты деген мәлімет әлеуметтік желілерде тарады. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша басталды. Бұл бап – "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" – сотқа дейінгі тергеуді көздейді.

Түрлі әлеуметтік желілерде тараған видеоға сенсек, UFC файтері әйелі үшін тергеуге барған. Алайда бұл видеоларға арнайы фактчек жасағанда, мұның ешқандай сот немесе тергеуге қатысы жоқ екені анықталды. Шавкат Рахмонов осыдан 2 ай бұрын Алматы облысының прокуроры Берік Адамовпен кездескен. Кездесу барысында тараптар жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы күрес және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін талқылады.

Ал оқырмандарымызды әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Тек ресми жаңалықтар мен мәлімдемелерді ғана негізге алуларыңызды сұраймыз.