фото: Видеодан скриншот
«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл жолы себеп – әншінің құдалықтағы ерекше биі.
Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойында құдаларды күтіп, құрмет көрсеткен. Қонақтар арасында жүрген Кенжебек Жанәбілов ортаға шығып, көңілді би билеген. Алайда бұл әрекеті жұртты екіге бөлді.
Бірі:
«Кенжебектің қылығы ерсі болды»,
«Соқталдай жігітке лайықты қылық емес»,
«Құдалықта аса мәдениетті болу керек еді», – десе,
енді бірі:
«Керемет билеген!»,
«Көңіл көтеру – қазақтың дәстүрі»,
«Жарасымды, Кенжебек өнерін көрсетті», – деп қолдау білдірді.
Желі қолданушыларының пікірінше, бір аяғын тамадаға қарай көтерген сәті әсіресе ерекше назарға ілінген.