фото: ашық дереккөзден. Суретте: Мақпал Жүнісова, Қанат Айтбаев, Света Айтбаева
Танымал әнші Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұп – Қанат пен Света Айтбаевалардың қызының ұзату тойында құрметті қонақ ретінде шақырылып, ерекше сыйлыққа ие болды.
Бұл қуанышты сәтті әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Қанат пен Светаның тәтті қыздары Раушанның ұзатуындамыз", – деп жазды Мақпал Жүнісова видеоның сипаттамасында.
Мақпал Жүнісова жариялаған видеода Айтбаевтар отбасы тарапынан көрсетілген ыстық ықылас пен құрмет анық байқалады. Көпшілік тойдың басты қонақтарының бірі болған Мақпал ханымды мақтап, жылы лебіздерін білдіруде.
"Жастар бақытты болсын. Өзіңіз тойдың гүлі болып жүрсіз ғой", "Керемет сыйлық. Құтты болсын, Мақпал ханым. Раушанның ұзатылу тойы Мерейге жұғысты болсын", "Мақпал ханымға деген құрметтеріңіз зор. Жұғысты болсын. Мерейдің ұзату тойында кездескенше", – деп жазды желі қолданушылары.
Желі қолданушылары өнер иесіне деген шынайы қошеметтерін білдіріп, оның бұл құрметке әбден лайық екенін жарыса жазып жатыр.