Ресми: Ислам Махачевтің UFC-дегі келесі қарсыласының есімі белгілі болды

Ресми: Ислам Махачевтің UFC-дегі келесі қарсыласының есімі белгілі болды

фото: Offside.kz коллажы. Суретте: Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев

Аралас жекпе-жектен (MMA) аты аңызға айналған ресейлік спортшы, UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатында Ислам Махачевтің келесі қарсыласы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Хабиб Нурмагомедовтің айтуынша, Ислам Махачев келесі жекпе-жегін жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткізеді. Оның қарсыласы – аустралиялық Джек Делла Маддалена. Жекпе-жек 15 қарашада Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Еске салайық, Ислам Махачев жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартып, бір салмақ жоғары – жартылай орта салмаққа ауысқан болатын. Ал оның орнын босатқан белбеуді Чарльз Оливейрамен өткен жекпе-жекте Илия Топурия иеленді.

Айта кетейік, дәл осы салмақта қазақ жауынгері Шавкат Рахмонов қазіргі таңда рейтингте үшінші орында тұр.