"Байға ти, қыдырайық": Әбиба Әбужақынова туыстарының ең көп айтатын сөзін айтты

"Байға ти, қыдырайық": Әбиба Әбужақынова туыстарының ең көп айтатын сөзін айтты

фото: instagram.com/kaz_judoteam. Суретте: Әбиба Әбужақынова

Қазақ дзюдошысы Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіде әзіл аралас видео жариялап, жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әбиба Әбужақынова TikTok желісіндегі ресми парақшасында жақындарына байланысты әзіл видео жариялады. Видеодан туысқандарының, жақындарының, жанкүйерлерінің ең жиі айтатын сөздерін көруге болады.

"Туысқандар: "Байға ти". Құрбылар: "Қыдырайық". Бұрынғы жігіт: "Ұйықтап жатырсың ба?". Хейтерлер: "Жұлдыз". Қазақстан: "Неге қола ала бересің?". Бапкер: "Машинаның кілтін бер". Анам мен інім: "Ақша", – деп жазды Әбиба Әбужақынова.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова 2022 және 2024 жылдары өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Ал биыл Будапеште өткен әлем біріншілігінде күміс медальді қанжығасына байлады.