Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видео жариялады.
Өнер иесі шетелдік әнші Дженнифер Лопестің сұлулығына таңғалып, видео түсірді. Видеода ол әншінің 55 жасқа толса да, сұлулығын сақтағанын айтып, жолдасы Жанболатқа әзілдеп қойды.
"Дженнифер Лопес сияқты сұлу болу үшін фитнесте неше сағат өткізу керек? Жанболат, 55 жасымда Дженнифер Лопес сияқты болғанымды қалайсың ба? Ол үшін Америкаға көшу керек", – Жазира Байырбекова.