17 жастағы қазақ баласы Испаниядағы турнирде кіл мықтыларды жеңіп, топ жарды

17 жастағы қазақ баласы Испаниядағы турнирде кіл мықтыларды жеңіп, топ жарды

фото: Қазақстанның теннис федерациясы. Суретте: Дамир Жалғасбай

Қазақ теннисшісі Дамир Жалғасбай 2 тамыз күні ересектер арасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, Испанияда өткен ITF M15 санатындағы турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жұптық сында 17 жастағы спортшы латвиялық Артурс Загарспен бірге өнер көрсетті. Финалда Жалғасбай/Загарс дуэті швейцариялық Адриен Бурде мен мексикалық Алан Сау Франконы 6:2, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Айта кетейік, бұл атақ – Дамирдің ITF кәсіби турындағы алғашқы ерлер арасындағы жетістігі.