Азия чемпионатының екінші күнінде 5 бірдей боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

Азия чемпионатының екінші күнінде 5 бірдей боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Нұрзат Оңғарұлы мен Бақыт Сәрсекбаев

Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші күнінің қорытындысы бойынша бес бірдей боксшымыз жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бірінші күні Қазақстан құрамасы сапынан бір спортшы жарыс жолынан шығып қалды: 19 жасқа дейінгі (U-19) жарыс аясында 50 келіде сынға түскен Әділ Асқанбай жеңіліс тапты.

Екінші күні бірден төрт боксшы жарыстан шығып қалды. U-22 санатында ерлер арасынан Нұрзат Оңғарұлы (50 кг) мен Бексұлтан Боранбек (55 кг) жеңіліске ұшыраса, қыздар арасынан Томирис Мырзақұл (51 кг) мен Виктория Байдукова (57 кг) жеңіліс тапты.

Айта кетейік, ертең, 3 тамызда Қазақстан сапынан бес боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың екеуі бірден медаль үшін жұдырықтасады.