Шерзат ісі бойынша сотталған жігіттің әйелі алдады: тағы бір жаға ұстатарлық мәлімет шықты

Шерзат ісі бойынша сотталған жігіттің әйелі алдады: тағы бір жаға ұстатарлық мәлімет шықты

фото: Alash.kz коллажы

Шерзат ісінде сотталған Дидар Қалиахметтің әйелі Балауса Еркінқызы алаяқтық әрекетімен көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Alash.kz.

"25 жастағы келіншектен оңбай алдандық" деген бір топ жәбірленуші журналист Руслан Өтепбайға жүгініп, көмек сұраған. Олардың айтуынша, Балауса Еркінқызы бірнеше адамды сенімге кіріп, 2 миллионнан 7 миллион теңгеге дейін несие алуға көндіріп, артынан ізім-қайым жоғалып кеткен.

Осы оқиғаға байланысты Руслан Өтепбай Талғар қаласына арнайы барып, істің мән-жайын зерттеп, YouTube арнасына арналған арнайы бағдарлама түсіріп қайтқан.

"Талғар қаласының тұрғындары редакциямызға хабарласып, Балауса Еркінқызы сенімге кіріп, несие рәсімдетіп, артынша жоқ боп кетті", – дейді журналист.

Қоғам назары Балауса Еркінқызына Шерзат Полат ісі кезінде, оның күйеуін сотта қорғап, әділ жаза сұраған сәтінен бастап ауған болатын.