фото: olympic.kz. Суретте: Мадхия Усманова
Грекияның Афина қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетіп қалды. Атап айтқанда, қыздар арасындағы бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан құрамасының қыздары бар күшін салғанымен, бір ғана медальдің жетіспеуінен команда үздік үштікке ене алмай қалды.
Бұл жарыстағы нәтижелеріміз мынадай болды:
- 40 кг салмақ дәрежесі – бұл салмақта Қазақстан құрамасы сапынан ешкім бақ сынамады;
- 43 кг – Інжу Бақожа қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіске жетті;
- 46 кг – Шынай Макен алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды;
- 49 кг – Сания Солтанғали алғашқы белдесуде де, жұбаныш кездесуде де жеңіліске ұшырады;
- 53 кг – Фарида Абдрахманова қола медаль үшін күресте қарсыласына есе жіберді;
- 57 кг – Мадхия Усманова алтын медаль иеленді;
- 61 кг – Жайдар Мұқат алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды;
- 65 кг – Нұрайым Саяхмет те бірінші кездесуінде қарсыласына жол берді;
- 69 кг – Шахизада Дәулетжан қола медальға қол жеткізді;
- 73 кг – Гүлнұр Мақсатқызы алғашқы белдесуінде жеңіліске ұшырады.
Осы нәтижелердің негізінде Қазақстан құрамасы 69 ұпай жинап, командалық есепте бесінші орын иеленді.
Командалық есептегі үздік үштік:
- Үндістан – 151 ұпай;
- АҚШ – 142 ұпай;
- Жапония – 113 ұпай.