"Уәлибек Әбдірайымов қайтыс болды": оқиғаның мән-жайы анықталды

"Уәлибек Әбдірайымов қайтыс болды": оқиғаның мән-жайы анықталды

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Уәлибек Әбдірайымов

Әлеуметтік желілерде белгілі актер, "Шаншар" театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовтың қаза тапқаны жайлы ақпарат тараған болатын. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Актердің өзі бұл хабарды жоққа шығарып, тірі әрі аман-есен екенін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Желіде тараған жалған хабарламада Уәлибек Әбдірайымов жол апатына ұшырап, қаза тапты делінген. Онда "Шымкент қаласында бір қызды күштеп алып қашып бара жатқан кезде, көлікті 120 км/сағ жылдамдықпен жүргізіп келе жатып жолдан шығып кеткен" деген шындыққа сай емес ақпарат жазылған.

Аталған мәліметке қатысты актер өзі пікір білдіріп, бұл қауесетке таң қалғанын жеткізді:

"Мен Батыс Еуропада жүрсем, біреу мені өлтіріп қойыпты. Өзіме жаназа мен жетісін айтпағандарына ренжіп қалдым. Қазір бәрі шулап жатыр екен. Кеше Германияда болдым. Тірімін бе, өлгем бе деп өзім қорқып кеттім", – деді Уәлибек Әбдірайымов.