Қазақ боксшылары Өзбекстан құрамасын есеңгіретіп, Азия біріншілігін сәтті бастады

Қазақ боксшылары Өзбекстан құрамасын есеңгіретіп, Азия біріншілігін сәтті бастады

фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Бексұлтан Қайратұлы

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан World Boxing ұйымы мұрындық болған 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Турнирдегі алғашқы нәтижелер төмендегідей:

Ерлер арасында:

  • 50 кг: Әділ Асқанбай – Чой Цзюнь Вон (Оңтүстік Корея) – бұл жекпе-жекте қарсылас төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті;
  • 70 кг: Бейбарыс Әшірбай – Фарух Юлдашев (Түрікменстан) – аталмыш кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақ боксшысы жеңіске жетті;
  • 80 кг: Тимур Тайбеков – Бенджамин Райан Ли (Сингапур) – бұл кездесуде техникалық нокаутпен қазақ боксшысы жеңіске жетті;
  • 90+ кг: Бексұлтан Қайратұлы – Ислам Салихов (Өзбекстан) – бұл жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақ боксшысы жеңіске жетті.

Қыздар арасында:

  • 48 кг: Диана Серікбаева – Ким Юн Цзы (Оңтүстік Корея) – бұл кездесуде қазақ боксшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті;
  • 51 кг: Айым Танкибаева – Тран Тхи Хоа (Вьетнам) – бұл жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақ боксшысы жеңіске жетті;
  • 54 кг: Жанель Имантаева – Муслима Тұрғанова (Өзбекстан) – бұл жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақ боксшысы жеңіске жетті;
  • 57 кг: Аяжан Ермек – Сакура Окаяма (Жапония) – бұл жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақ боксшысы жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Бангкокте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионаты – World Boxing ұйымы аясында алғаш рет ұйымдастырылып отырған тарихи құрлықтық турнир.