фото: Абай Жансарбаев / "Кайрат" ФК. Суретте: Еркін Тапалов пен Дастан Сәтпаев
Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өтсе, қомақты қаржы ұтып алуы мүмкін, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Қайрат" топтық кезеңге өтуі үшін екі клубпен ойын өткізуі керек. Егер қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының тобына өтсе, 18,62 миллион еуро (шамамен 11,5 миллиард теңге) көлемінде сыйақы алады.
Еске салайық, "Қайрат" Еуропаның басты клубтық турниріндегі жорығын Словенияның "Олимпиясын" 3:1 есебімен жеңіп бастаған. Кейін екінші кезеңде Финляндияның "КуПС" командасын 3:2 есебімен ұтты. Ал үшінші іріктеу кезеңінде алматылық клубқа Словакияның "Слован" командасы қарсылас болады.