Сүйінші, қазақ елі! Димаш Құдайбергеннің шаңырағында дүбірлі құдалық өтті (ВИДЕО)

Сүйінші, қазақ елі! Димаш Құдайбергеннің шаңырағында дүбірлі құдалық өтті (ВИДЕО)

фото: Alash.kz

Әлемге танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің отбасында қуанышты жаңалық – қарындасы Раушанның құдалығы өтті. Бұл туралы Alash.kz хабарлайды.

Қос тарап жастардың бақыты үшін бас қосып, ерекше стильде ұйымдастырылған құдалық салтанатына куә болды. Бұған дейін, сәуір айында, Шымкент қаласынан келген құдалар Раушанға сырға салу рәсімін өткізген болатын.

Бұл жолы Құдайбергеновтер әулеті ұлттық нақыштағы, этно-стильде безендірілген аспан-көк түсті киімдермен көзге түсіп, салт-дәстүрге сай әртүрлі кәде-жоралғылармен ел ықыласына бөленді. Әлеуметтік желіде аталған құдалыққа қатысты жылы лебіздер мен ақжарма тілектер көптеп жазылды:

– «Қандай қарапайым, үлгілі отбасы! Екі жасқа бармақтай бақ берсін!»
– «Света ханым жарады. Әдемі көйлегіне ақ жаулығы тамаша жарасып тұр!»