фото: sportinside.kz коллажы
Әлеуметтік желіде қызылордалық жігіттің тісімен темір майыстырған видеосы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Танымал зілтемірші Алмас Өтешов Instagram желісіндегі ресми парақшасында Қызылорда облысы, Арал ауданында тұратын бір жігіттің тісімен темір майыстырып жатқан видеосын жариялады.
"Ауылымыздан таланттар шығып жатыр. Арал ауданының жігіті", – деп жазды Алмас Өтешов видеоның сипаттамасында.
Қарапайым ауыл жігітінің бұл ерекше қабілеті әлеуметтік желіде бірден таралып, желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырды.
"Аралдың жігіттері мықты", "Тау қопаратын браттар бар", "Красавчик! Әлемге танылып кетші, Гиннестің рекордтар кітабына атың шықсын", "Алмас аға кеше айтты ғой, енді құлағымен көтеретіндер де шығады деп", "Қазақты мақтасаң тауды көтеретін рух бар", – деді желі қолданушылары.