фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Айнұр Тұрсынбаева мен Нұржан Иманалиев
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның жолдасы Нұржан Иманалиев қазақ файтерімен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Нұржан Иманалиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақ файтері, UFC-дің бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұловпен бірге түскен суретін Stories бөлімінде жариялап:
"Чемпион", – деп жазба қалдырды.
Айта кетейік, осы жылдың 28 маусымында Жалғас Жұмағұлов Oktagon 73 турнирінде Бено Адамиамен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Осы жеңістен кейін ол Oktagon лигасының чемпионы атанды.