"Елдостың тұқымын алу керек": Журналист спортшының тектілігін жоғары бағалады

"Елдостың тұқымын алу керек": Журналист спортшының тектілігін жоғары бағалады

фото: Buda Mendes/Getty Images. Суретте: дзюдошы Елдос Сметов

Спорт әлеміндегі биік белестерді бағындырып келе жатқан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің рухани және тектік байлығы туралы белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Журналисттің айтуынша, Елдос секілді дара таланттарға тек материалдық сый-сияпат жасау жеткіліксіз. Оның орнына ұлт болашағы үшін мәнді әрі мазмұнды істерге ден қою қажет.

"Сабыр, ағайын! 100 жылқы, 100 машина сыйланған Бекзат Саттархановты ұмытпаңдар. Байлықтан кенде болмас Елдосжан. Ең алдымен, Алла алтыннан қымбат ақыл сыйласын. Жаратушы бір жанға аздық етпес ұзақ ғұмыр сыйласын. Мен білетін бір тоқтам: елдоста 30 ұл мен 40 қыз болуы керек. Мұндай асыл жігіттің ұрпағы мол болуға тиіс. Ұлттың байлығы сол болар… Қазақ мұны "тұқым алу керек" дейді. Тұтас 12 жылда төмендемей, бір Олимпиададан бір Олимпиадаға оза шапқан Елдостың тұқымы асыл екен. Енді сол байлықты сақтау керек қазақ үшін. Мал байлық емес, ұрпақ байлық. Машина мінгізіп мұратына жеткізбейміз. Халық болып қоршап, ел болып енші бөліп, жұрт болып жолына құрбан шалсақ қана алтын ұлды сақтай аламыз", – деп жазды Несіп Жүнісбаев.