фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Жахан Отарғалиев
Белгілі әзілкеш әрі актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аудартты.
Өнер иесі өз парақшасында отбасылық мәселелер мен ажырасу тақырыбын қозғап, оқырмандарымен шынайы әңгіме бөлісті. Ол өзі өмірінде кездестірген оқиғаны баяндап, бір азаматтың күйзелісті сәтін айтып өтті.
"Ажырасам болды. Әйелім кетіп қалды. Анам екеуміз қалдық. Депрессия мен стрессте жүрмін. Баламды әйелім алып кетті. Бәрінен шаршадым" деп бір бауырымыз хабарласады. 15 минут сөйлестік. Өздеріңіз білесіздер, менің өмірімде нендей жағдайлар болғанын. Білмейтіндеріңіз қаншама?! Мен психолог емеспін. Бірақ барынша кеңес беруге тырыстым. Көп уақыт өтпей әлгі жігіттен хабар алдым. Әйелі екіқабат екен. Ажыраспайтын болыпты. Дүниеге келетін ұлының атын Жахан қоямын дейді. Достар, бұйырса дүниеге тағы бір Жахан келеді. Менің бір сөзім бір адамның өмірінің өзгеруіне себеп болады деп ойламаппын. Бірақ жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді екен", – деп жазды Жахан Отарғалиев.