17 жастағы қазақ баласы күрестен әлем чемпионы атанып, тарихи жетістікке жетті (ВИДЕО)

17 жастағы қазақ баласы күрестен әлем чемпионы атанып, тарихи жетістікке жетті (ВИДЕО)

фото: uww.org. Суретте: Жаңажол Қуанышбек

Ақтөбелік жас балуан Жаңажол Қуанышбек Грекия астанасы Афинада өтіп жатқан грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының атынан сынға түскен Жаңажол Қуанышбек 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, финалда Қырғызстан өкілі Нуркерим Кумарбековтен басым түсті.

Осылайша, Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионатында топ жарып, ел намысын абыроймен қорғады.

Айта кетейік, осы біріншілікте Қазақстан құрамасының тағы үш балуаны жүлделі орынға ие болды. Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) – күміс жүлде, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) –қола медаль еншіледі.