Тауда қаза тапқан Олимпиада чемпионы денесін шың басында қалдыруды өсиет еткен

Тауда қаза тапқан Олимпиада чемпионы денесін шың басында қалдыруды өсиет еткен

фото: instagram.com/laura_dahlmeier. Суретте: Лаура Дальмайер

Таудағы тас көшкінінен көз жұмған әйгілі биатлоншы Лаура Дальмайер өзінің денесін тауда қалдыруды өсиет еткен. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі "Чемпионат" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған ақпаратты алғаш болып немістің Spiegel басылымы таратқан. Олар Олимпиада чемпионының нақты жазылған өсиеті барын мәлім етті.

"Лаура Дальмайердің бұл нәрсеге нақты әрі жазбаша түрде өз рұқсатын берген: мұндай жағдайда ешкім оның өмірін құтқару үшін өз өмірін қауіпке тікпеуі керек. Лаураның өзінің денесн тауда қалуды қалаған. Бұл шешімді марқұмның туыстары да мақұлдады. Олар да Лаураның соңғы тілегін құрметтеуді етіп отыр", – деген Дальмайер менеджментінің сөзін басылым келтіреді.

Еске салайық, екі дүркін Олимпиада чемпионы Лаура Дальмайер Пәкістандағы Лайла шыңына көтерілу кезінде тас көшкінінен қаза тапқан болатын. Ауа райының қолайсыздығы құтқару жұмыстарын қиындатқан: тұман, жаңбыр мен қатты жел салдарынан Пәкістанның әскери тікұшақтары көмекке келе алмаған.

Егер тірі болғанда, Дальмайер биыл тамызда 32 жасқа толар еді.

Бұған дейін хабарланғандай, Лаура Дальмайер Германия атынан екі қысқы Олимпиадаға қатысып, 2018 жылы екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған. Ол бір Олимпиадада спринт пен із қуу жарысын қатар жеңген алғашқы әйел спортшы атанған. Сонымен қатар, бес әлем чемпионатында 15 медаль, оның ішінде жеті алтын иеленген.