Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанмен матч өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанмен матч өткізеді

фото: kff.kz. Суретте: Дастан Сәтпаев

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Өзбекстанмен қос бірдей жолдастық матч өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан U-21 құрамасы Өзбекстандағы құрдастарымен 12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасы 2027 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турниріне қатысып жатыр. Алғашқы ойында қазақстандықтар Андорраны 1:0 есебімен жеңген болатын.

Еске сала кетсек, осы құраманың сапында ойнап жүрген "Қайрат" командасының вингері Дастан Сатпаев – Қазақстан тарихында Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншы атанды.