"Тойдың иісі шығып тұр": Наркенже Серікбаева қуанышты жаңалығын сүйіншіледі (ВИДЕО)

"Тойдың иісі шығып тұр": Наркенже Серікбаева қуанышты жаңалығын сүйіншіледі (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот. Суретте: Наркенже Серікбаева

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің үйіне арнайы тапсырыспен тігілген жаңа перделерін көрсетіп, ерекше әсерін бөлісті.

Instagram-да жарияланған видеода өнер иесі үйіне кіріп келе жатып:

"Уау! Тойдың иісі шығып тұрған секілді. Той болатын секілді боп тұр. Мына перделердің әдемісін-ай!" – деп таңданысын жасырмайды.

Желі қолданушылары әншінің талғамына тәнті болып, жылы лебіздерін жарыса жазып жатыр.

Бірі: "Талғамыңыз тым ерекше, бәрі бір-бірімен керемет үйлесіп тұр. Өзізіңіз сияқты сұлу!" десе, енді бірі: "Құтты болсын! Осындай үй бізге де бұйырсын!" – деп тілектерін арнауда.