фото: Видеодан скриншот. Суретте: Айнұр Тұрсынбаева
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram парақшасында гардеробындағы кейбір заттарды сатылымға қойғанын хабарлады.
Оның айтуынша, бұл – гардеробты жаңарту мақсатында жасалып жатқан қадам.
"Бір-екі мәрте ғана киілген, тіпті мүлде киілмеген көйлектерім де бар. Аяқкиімдер де көп, егер 35-36 өлшем киетін болсаңыз, асығыңыз. Меккеден әкелген көйлектерімді де сатуға қойдым. Меккеге бару баршаңызға нәсіп етсін. Үйге киетін шапан-көйлектерім де сатылымда. Сонымен қатар, тақпай жүрген алтындарымды да сататын болдым. Олардың арасында бриллиант тастары бар болғандықтан, бағасы 150-210 мың теңге аралығында", – деп жазды Айнұр.
Желі қолданушыларының көбі сатылымды тағатсыздана күтіп отырғандарын және тауарлар тез сатылып кетіп жатқанын атап өтті.