фото: ашық дереккөзден. Суретте: Нұрсұлтан Рысмағанбетов
Жақында жол апатына ұшыраған Нұрсұлтан Рысмағанбетовтің қазіргі жағдайы туралы ақпарат шықты.
"Жолда жүріп, апатқа ұшырау – Алланың сынағы. Бірақ әрбір мұсылман білуі керек: Раббымыз бізге қорғаушы періштелер қойған. Нұрсұлтан ұстазымыздың өзі жақында ғана айтқан еді: "Қорғаушы періштең болмаса, көзді ашып-жұмғанша бәрі өзгеріп кетуі мүмкін". Қазір ұстазымыз да, жанұясы да аман-есен. Уайымдамаңыздар, барлығы Алланың қалауымен жақсы. Жаратқан әр адымымызға періште қорған болсын. Күн сайын дұғамыздан ұстазымызды да, өзімізді де тастамайық. Амандық – ең үлкен нығмет. Сол нығметке шүкір етіп, жүрегімізді үмітпен толтырып, Аллаға тәуекел етейік", – делінген әлеуметтік желіде жарияланған жазбада.