"Бұл қылмыспен келген ақша": Қаржаубай сотталғандардан келген өтемақыны балалар үйіне беретінін айтты (видео)

"Бұл қылмыспен келген ақша": Қаржаубай сотталғандардан келген өтемақыны балалар үйіне беретінін айтты (видео)

фото: SN.kz

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов тергеу барысында өзіне ұсынылған қаржылай өтемақыдан бас тартқанын мәлімдеді. Ол бар болғаны марқұм ұлының атына кір келтірмеуді сұраған.

Адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, Қаржаубай мырза бастапқыда-ақ ақшаға қызықпаған. «Маған ақша керек емес. Баламды қараламаса болды. Менің аманатым сол еді», – деп нақты позициясын білдірген.

Ол қылмыспен келген қаражаттан бас тартып қана қоймай, егер қандай да бір өтемақы берілетін болса, оны жеке пайдасына емес, балалар үйіне аударуға дайын болғанын да жеткізген.

«Бұл – қылмыспен келген ақша. Егер ол түссе, мен азамат ретінде оны мұқтаж балаларға жіберемін», – деген Қаржаубай Нұрымов.