"Мамамның шәйі": Сәкен Майғазиевтің келіні енесін мақтап, жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

"Мамамның шәйі": Сәкен Майғазиевтің келіні енесін мақтап, жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Instagram парақшасында ерекше видео жариялап, жұрттың жылы лебізіне ие болды.

Ол әншінің жары Динара Майғазиеваның шай өнімін таныстырып, оның басты артықшылықтарын атап өтті.

"Көп адам біле бермейді, бірақ бояуы жоқ шайға сүт қосқанда түсі көгілт тартып тұрады. Сол кезде менің мамамның шайы көмектеседі. Бұл шай – ешқандай бояусыз, табиғи, ерекше дәм мен көрініске ие", – деді Әдия.

Көпшілік Әдияның қарапайымдылығы мен шынайы ықыласына тәнті болды. Пікір жазғандардың бірі оның "енем" деп айтпай, бірден "мамамның шайы" дегеніне риза болса, енді бірі шәйдің дәмін татып көргісі келетінін білдіріп, қай өңірлерде сатылатынын сұрады.