фото: Global Look Press. Суретте: Геннадий Головкин мен Сауль Альварес
The Ring журналының челленджінде мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді 10 балдық меже бойынша 10 ұпайға бағалады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Канело дәл осындай жоғары бағаны басқа да мықты қарсыластарына – Дмитрий Бивол, Эрисланди Лара және Флойд Мейвезерге де берген. Айта кетейік, Канело Бивол мен Мейвезерден жеңілген, ал Головкинмен алғашқы жекпе-жегінде тең түскен.
Екінші жекпе-жектің оныншы раундынан кейін Канелоның бапкері Эдди Рейносо шәкіртіне былай деген:
"Сен оны нокаутқа түсіре алмайсың. Тырыспа да. Ол – тым мықты!"
Канело мен Головкин шаршы алаңда үш мәрте кездескен. Олардың соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде екінші орта салмақта өтті, онда Канело жеңіске жетіп, абсолютті әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Сол кездесуден кейін Головкин шаршы алаңға шыққан жоқ, бірақ мансабының аяқталғанын ресми түрде жарияламаған.
2024 жылдың ақпанынан бастап Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті атанды. Биыл ол 43 жасқа толды. Канело болса 35 жаста, қазір ол 13 тамызда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Оның қарсыласы – екі салмаққа көтерілетін 37 жастағы Теренс Кроуфорд.