фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин
Халықаралық World Boxing федерациясы өз құрамын жеті жаңа елмен толықтырды, деп Sportinside.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"World Boxing атқарушы кеңесінің шешімімен жеті ұлттық бокс федерациясы қабылданып, ұйымға мүше елдердің саны 118-ге жетті.
Жаңа мүше елдер қатарында: Боливия бокс федерациясы, Сальвадор бокс федерациясы, Израиль бокс қауымдастығы, Микронезия Федеративтік Штаттарының бокс қауымдастығы, Сомали бокс қауымдастығы, Орталық Африка бокс федерациясы және Гаити бокс федерациясы", – делінген халықаралық федерацияның Instagram парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарады. Сонымен қатар, ол Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) төрағасы.