Төрт салмақта әлемнің үздігі атанған боксшы инсульттен қайтыс болды

Төрт салмақта әлемнің үздігі атанған боксшы инсульттен қайтыс болды

фото: pixabay.com. Көрнекі сурет: аурухана палатасында жатқан жан

Аргентинада төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған бұрынғы кәсіпқой боксшы Алехандра Оливерас өмірден өтті. Ол 47 жасында көз жұмды, деп Sportinside.kz тілшісі РИА Спортқа сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, спортшы 28 шілдеде, дүйсенбі күні көз жұмған. Бірнеше апта бұрын Оливерас ишемиялық инсульт диагнозымен Санта-Фе ауруханасына жатқызылған.

Алехандра Оливерас екі мәрте Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған. Бұдан бөлек, ол Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) мен Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) титулдарын жеңіп алған.

Жалпы мансабында Оливерас 33 жеңіске жеткен, оның 16-сын нокаутпен аяқтаған. Аргентиналық спортшы 3 рет жеңілген, 1 жекпе-жек тең есеппен аяқталған.