фото: olympic.kz. Суретте: Дмитрий Попко
Дмитрий Евгеньевич Попко 1996 жылдың 24 қазанында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген. 2011 жылдан бастап Қазақстан азаматтығын қабылдап, ел намысын қорғап келеді. Қазіргі таңда ол кәсіби теннисші ретінде Астана қаласында тұрады. Попко – оңқай, екі қолмен слева соққы жасайды. Оның бойы – 191 см, салмағы – 87 кг.
Дмитрийдің спорттық мансабы 2014 жылы басталды. Ол бүгінгі күнге дейін 2 ATP Challenger және 25 ITF Future турнирінде жеңіске жеткен. 2025 жылғы сәуірдегі мәлімет бойынша оның ең жоғарғы ATP рейтингі – 155-орын. Жүлде қоры 871 000 АҚШ долларына жуық. Парный разрядта да жетістіктері бар: 1 Challenger және 6 ITF турнирін жеңіп алған, ал ең үздік жұптық рейтингі – 304-орын (2017).
Попко 2017 жылдан бастап Қазақстан құрамасы сапында Кубок Дэвис жарысына қатысып келеді. W/L көрсеткіші – 4 жеңіс, 6 жеңіліс. Ол 2016 жылдан бастап "Үлкен дулыға" турнирлерінің (Australian Open, Roland Garros, Wimbledon, US Open) іріктеу кезеңдеріне тұрақты қатысуда.
Жеке өмірінде де айтарлықтай жаңалықтар бар: 2022 жылы ол ресейлік танымал мәнерлеп сырғанаушы Аделина Сотниковамен ата-ана атанып, 2024 жылы ресми некеге тұрды. Ұлдарының аты – Адриан.