"Сүйінші, халқым!": қазақша сөйлейтін депутат қуанышты жаңалығын паш етті (ФОТО)

"Сүйінші, халқым!": қазақша сөйлейтін депутат қуанышты жаңалығын паш етті (ФОТО)

фото: bes.media. Суретте: Геннадий Шиповских

Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповских әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын хабарлады. 

Депутат Геннадий Шиповских екінші сәбиінің дүниеге келгенін айтып, көпшілікпен қуанышты жаңалығын бөлісті.

"Қазіргі кезде жұбайым екінші сәбиімізді дүниеге әкеліп, №2 көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында жатыр. Осы күндері мен де жанында болып, қолдан келгенше көмектестім. Қазіргі тілмен айтқанда – нағыз "партнёр" болдым. Бұл мен үшін ерекше әрі жауапты сәттер болды. Осы аралықта өз көзіммен көрген бір нәрсе – бұл мекемеде медицина қызметкерлері бар жан-тәнімен, шын ықыласымен жұмыс істейді. Қаншама жүкті әйелдер, босану үстіндегі аналар, әрқайсысына айрықша назар, көңіл мен кәсіби көмек көрсетіп жүрген білікті мамандар – нағыз бүгінгі күннің батырлары!

Бұл – мықты басшылықтың, ұйымшыл ұжымның нәтижесі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, дәл осындай жауапты әрі кәсіби команданы жасақтап, аурухана жұмысын мінсіз ұйымдастырып отырған бас дәрігер Нұрбол Нұрланұлына зор алғысымды білдіремін. Медицина қызметкерлерінің еңбегі – өлшеусіз. Олардың арқасында жаңа өмір есігін ашып, талай отбасы қуанышқа бөленіп отыр. Алла разы болсын!" – деп жазды Геннадий Шиповских.