"Мен қайта тірілдім": Тұрсынбектің әйелі ел құлағын шулатқан әңгімені ашып айтты (ВИДЕО)

"Мен қайта тірілдім": Тұрсынбектің әйелі ел құлағын шулатқан әңгімені ашып айтты (ВИДЕО)

фото: instagram/tursynbek_kabatov_resmi. Суретте: Тұрсынбек Қабатовтың отбасы мен жақындары

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, актриса әрі әнші Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, соңғы уақытта өзіне көрсетілген қолдаулар үшін оқырмандарына алғыс айтты.

Instagram-дағы видеосында ол өзіне бағытталған ауыр сөздердің жүрегін қалай жаралағанын ашық айтып, бірақ соған қарамастан үміт пен сенім беріп отырған жандардың арқасында еңсесін тіктеп келе жатқанын жеткізді.

"Соңғы күндері қолдап жатқан әрбіріңіз – сіздер мені құтқарып жатырсыздар. Мені қайта тірілтіп, қайта сендіріп жатырсыздар. Сіздер болмасаңыз – мен мұндай мықты болмас едім. Қыздар, сіздердің мейірімдеріңіз – мен үшін үлкен күш. Рахмет. Жүрегіммен", – деді ол.

Желі қолданушылары Мөлдір ханымға ақжарма тілектерін жаудырып, оның мықтылығына, шынайылығына, қарапайымдылығына тәнті екендерін жарыса жазуда.

Көпшілік оны қолдап: "Сіз жалғыз емессіз", "Сіздің шынайылығыңыз – шабыт", "Күлкіңіз сөнбесін", – деп рух беріп жатыр.