16 жастағы мектеп оқушысы 100 метрге жүгіруден әлемдік рекордты бұзды

16 жастағы мектеп оқушысы 100 метрге жүгіруден әлемдік рекордты бұзды

фото: instagram/getsuriku_photo. Суретте: Сорато Симидзу

Өткен демалыста жапондық жасөспірім Сорато Симидзу 100 метрге жүгіруде жаңа әлемдік рекорд орнатып, қашықтықты дәл 10 секундта жүгіріп өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Халықаралық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Исикава префектурасындағы Сэйрё мектебінің жоғарғы сынып оқушысы 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бұрынғы рекордты (10,06 секунд) жаңартты. Бұрын бұл нәтиже тайлық Пурипол Бунсон мен америкалық Кристиан Миллерге тиесілі болған.

Сонымен қатар, Сорато Симидзу Жапония мектеп оқушылары арасындағы ұлттық рекордты да жаңартты. Бұған дейін бұл көрсеткіш 10,01 секунд болып, оны 2013 жылы Ёсихидэ Кирю орнатқан болатын.

Жас рекордшы алдағы уақытта әлемдегі ең жылдам адам саналатын Усэйн Болттың 9,58 секундтық абсолютті рекордын жаңартуды мақсат ететін секілді.