"Келін қайда жүр?": Сәкен Майғазиевтің үй шаруасын істеген әйелі сынға қалды (ВИДЕО)

"Келін қайда жүр?": Сәкен Майғазиевтің үй шаруасын істеген әйелі сынға қалды (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева әлеуметтік желідегі парақшасында ас дайындап жатқан сәтінен видео жариялады.

Ол қолымен қамыр илеп, нан жайып жатқанын көрсетіп, жазбаға:

"Қазақы қонақжайлылық – біздің қанымызда! Қазақта тойдан кейін де қонақ үзілмейді. Сол үшін қашанда дайын болуға үйрендік!" – деп жазды.

Видео астындағы пікірлер сан алуан. Бірі Динараның қарапайымдылығы мен еңбекқорлығына тәнті болса, енді бірі мұндай мазмұндағы видеоларды жариялау әлеуметтік әділетсіздік сезімін күшейтеді деп сынға алған.

Желі қолданушыларының кейбірі:

"Берекелі келін екен! Қолымен жасап жатқаны қандай үлгі!" – десе, тағы бірі: "Ішіп-жегенін көрсетпей-ақ қойса қайтеді? Қиналып жүргендер де бар ғой...", "Келін қайда?" – деп пікір қалдырған.